Сенбілік өткізілді

Сенбілік өткізілді

Аудан әкімдігінің «Ауданның елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандырудың көктемгі-күзгі екі айлығын өткізу туралы» №91 қаулысына сәйкес, тамыз айының 3-і мен 4-і күндері жаппай сенбілік өтті.
Тазалық шарасына барлығы 968 адам, 27 дана қажетті техника жұмылдырылып, 205,2 тонна күл-қоқыс үйіндісі арнайы полигонға шығарылды. Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар тас жолдар және елді мекендер көшелерінің бойындағы тұрмыстық қалдықтар терілді.
Мәселен, Қаскелең қаласын алсақ, мұндағы Абай, Қарасай батыр, Аубай Байғазиев, Абылайхан, Өмірәлі, Райымбек, Наурызбай батыр көшелерінің бойындағы, үйлерің аулаларындағы күл-қоқыстар шығарылып, арық жүйелері кеңейтілді. Дәл осындай жұмыстар барлық ауылдық округтерде де жүргізілді және алдағы жұма, сенбіде жалғасын табатын болады.
Барлық аудан тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз!