Қарасайлықтардың баспана мәселесін шешу мақсатында / 3?

2019-08-15 16:07:21

Қарасай ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі .
Нақтылай түссек,  Қаскелеңдегі «Қарлығаш» тұрғын үй кешенін салған мердігер компания «Еламан» ЖШС-і мен Қарасай аудандық әкімдігі арасында ағымдағы жылдың 14-і ақпанында меморандумға қол қойылды.  Осы талаптарға сәйкес, биыл салынған 100 пәтердің 50-і «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін болады. Ал, аудан орталығында 2018 жылы  салынған «Алатау Ажары» тұрғын үй кешенінде осы жыл соңында 60 пәтерлі бір тұрғын  пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Әйтей ауылдық округінде 32 га жер теліміне 2019-2021 жылдар аралығында екі қабаттан тұратын 520 пәтерлі  130 таунхаус  үйлерін салу да жоспарға алынған. Олардың басқа тұрғын үйлерден ерекшелігі – бір үйде төрт пәтер орналасады.
Осы жұмыстардың барлығы аудан тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

 

Последние новости

15.08.2019
Қай ауылдарда жаңа мектептер салынады? / 8?
14.08.2019
"Мектепке жол" акциясы басталды / 9?
14.08.2019
Мемлекет баспана алуға көмектеседі / 21?
14.08.2019
Жыл басынан бері 2000 сәби өмірге келген / 6?
13.08.2019
Жас заңгерлермен жүздесті / 7?
10.08.2019
Тозығы жеткен ойын алаңқайлары / 8?
10.08.2019
Жесірді жұбатып, жетімнің көз жасын сүртер кім бар? / 6?
07.08.2019
Майса көшесіндегі қуаныш / 7?