Тозығы жеткен ойын алаңқайлары / 8?

2019-08-10 14:05:51

Балалар алаңсыз ойнайтын орын жоқ. Ауладағы әткеншектер мен сырғанақтар адам көргісіз жағдайда. Әкімдік бұл мәселеге қашан көңіл бөледі деп редакциямызға хабарласатындардың қатары көп. Жергілікті атқарушы органдардан қандай да бір жауап алмас бұрын жағдайды өз көзімізбен көруді жөн санадық. Бағытымыз - Қаскелең қаласындағы Төле би көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер.  Шынымен, ойын алаңдарының сиқы кеткен. Орындықтар сынған, сырғанақтар қираған. Айналасы қоқысқа, әбден өсіп, қираған шөптерге толы. Сонымен қатар, жан-жақтан жиналған балаларға бүгінде бар әткеншектер мен сырғанақтар аздық етеді. Балалар өздерінің шағын футбол алаңы болғанын армандайды.

Үлкендердің айтуынша, балалар өздері сындырады, барды дұрыс пайдалана алмайды. Бізді көре сала шағымын айта жөнелген тұрғындар ойын алаңдарына көптен көңіл бөлінбегендігін алға тартты. Тіпті, түнде мұнда жан-жақтан маскүнемдер жиналып, ойларына келгенін жасайды дейді.
Ал, кейбірі ауладағы көршілер ойын алаңқайды өздері жинап, реттеп қоятындығын әңгімеледі. Тұрғындар арасында өзара татулық пен ауызбіршілік болса, барды дұрыс пайдалануға болар еді дейді көпті көргендер.

 

Последние новости

10.08.2019
Жесірді жұбатып, жетімнің көз жасын сүртер кім бар? / 6?
07.08.2019
Майса көшесіндегі қуаныш / 7?
06.08.2019
Күн қатты ысиды / 6?
06.08.2019
Бірінші Май округіндегі су мәселесі жылдар бойы өзекті / 27?
05.08.2019
Өрт пен судан сақ болуды ескертті / 13?
03.08.2019
Орталық алаңдағы Қарасай батыр ескерткіші қайда? / 11?
03.08.2019
Тұрғындар тазалыққа көңіл бөлмейді / 59?
02.08.2019
Достық көшесіндегі дау / 8?