Тұрғындар тазалыққа көңіл бөлмейді / 59?

2019-08-03 10:05:08

Қаскелең қаласындағы "Алтын ауыл" ықшам ауданының тұрғындары мұндағы тұрғын үйлердің санитарлық жағдайына алаңдаулы, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Редакциямызға бірнеше сурет жолдаған оқырман кезінде дәулеті мен сәулеті келіскен көпқабатты үйлердің бүгінде сиқы кете бастағанын алға тартады. Бұған әрине, тұрғындардың өздері кінәлі. Себебі, қоқысты қалай болса солай подьездерде қалдыры, тазалыққа бей-жай қарауда. Тіпті, кей үйлердің ортақ дәліздерінде кішкентай балалар дәрет сындыра беретін болған. Бұған, бір жағынан, қазіргі таңда мұндағы пәтерлердің жалға беріліп қойылуы да себеп болуы мүмкін. Сондықтан, осындағы пәтер иелері коперативінің жұмысын нығайтып, алтынауылдықтардың бірлігі мен түсіністігін нығайтуды тезірек қолға алу қажеттігін алға тартады оқырмандарымыз.