Ат үстінде - денсаулыққа барар жол! / 17?

2019-07-25 16:04:51

Ат үстіне – денсаулыққа барар жол! Бүгінде осында ұранмен Қарасай ауданындағы Rakhym оңалту орталығы жанынан ипотерапия жұмысы қолға алынан. Бір жыл апробация кезеңінен өткен орталықта қазір 30-ға жуық бала ат үстіндегі серуен арқылы тегін ем алуда. Бұл – Алматы облысы көлемінде аталған ем көрсету бойынша сертификатталған бірегей мекеме. Алғашқы нәтижелер де жоқ емес. Ипотерапия  ғылымда дәлелденген өз алдына үлкен бір ілім. Оны кешенді оңалтуға балама ретінде қолдану нәтижені 80 пайызға арттырады.

Ат үстіндегі серуен әлемнің көптеген елдерінде балалардың церебалды салдығы (ДЦП) ауруына ең тиімді емдік тәсіл ретінде қолданылады. Атпен баяу серуендегенде адам денесіне минутына 100 шайқау импульсі беріледі. Ол - тамаша массаж, ат үстінде отырған адамның барлық бұлшық еті жұмыс істейді екен. Тепе-теңдікті сақтау үшін салт мінген адам бойын жинақтап ұстауға, өзінің әрбір дене қимылын игеруге жаттығады. Жылқының әрбір адым алшақтығы адамдікімен бірдей, бұл арқылы ол өзінің адымын да есептеп үйренеді. Ал БЦС-ға шалдыққан балаға ең керегі де осы жаттығу. Жылқы - табиғи тренажер.  

Бұдан бөлек, бала жаны жануарды жақсы көреді, онымен сөйлеседі, сырласады, көңілі көтеріледі. Әлемге жоғарыдан қарайды, сол арқылы оны өз-өзіне деген сенімділгі артады. Бұл - Нәтижелі ем алудың ең басты шарты.

Мұнда білікті мамандар топтастырылған. Себебі, онсыз да тағдыр тауқыметін тартып жүрген балалармен жасалатын жұмыс – олқылықты көтермейді. Орталық басшылығы тәжірибе алмасу, қажетті курстардан өту мәселесіне жеткілікті көңіл бөледі.

 Осылайша, орталық бүгінде бастау алған ипотерапия қызметінің ауқымын кеңейтіп, күрделі дертке шалдыққан қамкөңіл баланың денсаулығын жақсартып, жаны жаралы ата-анаға жәрдем беруді алдына мақсат етіп отыр.

 Клара Көпбаева

 

Последние новости

25.07.2019
25 июля. Календарь Kaskelen.kz. Даты. События.
25.07.2019
Ауыл әйелдері грант ұтып алады / 21?
25.07.2019
Аудан тазалығына арналған акция / 65?
19.07.2019
№202 автобустары тек өз аялдамаларына ғана тоқтайды / 5?
17.07.2019
Қаскелеңде қала ішілік автобустар жүреді / 10?
09.07.2019
Кәсіптік білім беру - заман талабы / 25?
05.07.2019
Алмалыбақта «Достармед» филиалы ашылды / 26?
05.07.2019
«Қарлығаш» балабақшасы / 42?