Уәде етілген өнер мектебі қайда?

2022-05-18 18:00:41

"Өнер мектебі қайда?" Бұл қазіргі таңда аудан әкіміне қоғам белсенділері тарапынан ең көп қойылатын сұрақтың бірі. 

Көне болса да шығармашылыққа жақын жасөспірімдердің білім ордасына айналған ғимарат былтыр жабылған еді. Сол кезде Алматы облысының әкімі болған Амандық Баталов мектепті жап-жаңа қылып жасап беруге уәде еткен. Бірақ, Қарасай аудандық білім бөлімі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінбеді деп отыр.

 

«Өнер мектебі» Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Дарбай Бөгенбай көшесі, 1/3 учаскеcінде орналасқан. Күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы жасату үшін Алматы облысының білім басқармасына   17 000 000 теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Қазіргі уақытта қаражат бөлінген жоқ.

"Алматы облысы Білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мектепті 2021 жылы маусым айының 12-ші жұлдызында өз балансына Қаскелең қалалық әкімдігінен қабылдап алынды" делінген жазбада.

 

Дегенмен кейбір қоғам белсенділері бұл мақсатта қаражат бөлінді, бірақ мақсатты жұмсалмай отыр деген пікірде.