Алматы облысы Қарасай ауданында кәріздің суын арыққа төккендер видеоға түсіп қалды

2020-10-13 14:01:19

Алматы облысы Қарасай ауданында кәріздің суын арыққа төккендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан цистерналары бар бірнеше жүк көлігі қалдықты арыққа төгіп жатқанын көруге болады. Видеоның авторы ассенизаторлардың әрекетіне наразы болған.

"Қараңызшы, септикке төгіп жатыр. Сіздерге кім осында төгуге рұқсат берді? Міне, тағы бір көлік төгіп жатыр", - дейді видеодағы ер адам.