Ауруханада өткен салтанат / 79?

Поделиться:

Отан қорғаушылар және алда келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ауданымыздың денсаулық сақтау саласы мекемелерінде де салтанатты жиындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kaskelenkz  тілшісі.

Солардың бірі ретіндеҮшқоңыр ауылдық ауруханасында өткен «Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты мерекелік шараны айтуға болады.

Алдымен аурухананың бас дәрігері Ринат Алмасұлы ақ желеңділерді қатар келген қос мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс, өмірлеріне бақыт, зор денсаулық тіледі. Бірқатар қызметкерлерге арнайы марапаттар ұсынды.

Мұнан кейін ортаға әскери киім киіп, образға енген дәрігерлер шығып, сахналық қойылым қойды. Онда бізге жеңістің оңай келмегені, осы жолда ерлермен қатар нәзік жандылар да от пен оқтың ортасында қасық қандары қалғанша шайқасқа түскені, осындай қиындықпен келген бейбітшіліктің бағасы мен қадірін кейінгі ұрпақ білу керектігі айқын бейнеленді. Бұл ретте аурухана басшылығы күнделікті адам өмірінің сақшысы болып жүрген мейірбикелер мен дәрігерлерінің дәл кәсіби актерлардай образға кіре ойнағандықтарын алға тартып, ризашылығын білдірді.

Ал, мерекелік шараның сәнін дәрігер Мөлдір Базарбайқызының сарбаздарға арналған әсем әні арттыра түсті.

 

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также