Биыл Қарасай ауданында, Жеңіс мерекесіне орай салтанатты шеру бола ма? Бұл сұрақ тұрғындар тарапынан редакциямызға көп жолданды.
Аудандық әкімдіктің берген мәліметіне сүйенсек, биыл мамыр айының 9-да Қаскелең қаласында ауқымды шеру болмайды. Сол күні сағат 11.00-де Мәдениет үйінің жанындағы орталық стадионда мерекелік концерт ұйымдастырылады. Ал, концерт басталмас бұрын, сағат 10.00-де орталық алаңдағы «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ҰОС қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етіледі.
Белгілі болғандай, қаскелеңдіктер де "Мәңгілік Даңқ" шерулері болады деп күтуде. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, ондай шерулер тек облыс орталықтары мен ірі қалаларда ғана өтеді.
Бұдан бөлек, бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңістірілгендерге арнап «Достық» мейрамханасында дастархан жайылады.