Ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындарында жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді

Ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындарында жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді

Жақында Талдықорған қаласында ІІ Алматы облысы ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында әрі Астананың 20 жылдығына арналып ұйымдастырылған болатын. Оның мақсаты – денсаулықты нығайту және ауылдық жердегі жасөспірімдерге дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жағдай жасау, ауылдағы спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, ауылда денешынықтыру-бұқаралық спорт жұмысын ұйымдастырудың нысандарын жетілдіру, ауылдық жерлерде инфоқұрылымды дамыту, дене шынықтыру, спорт және саламатты өмір салтын насихаттау, ауылдық жердегі жасөспірімдерді денешынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, ауылдағы жасөспірімдер арасында үздік спортшыларды анықтау. Сонымен қатар, спорт резервін даярлау, дене шынықтыру ұжымдарының, жаттықтырушылардың және спорт ұйымдастырушыларының бай жұмыс тәжірибесімен алмасу еді. Спорт ұйымдарының ауылдық жерлерде жасөспірімдерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту жөніндегі жұмыстарының нәтижелерін шығару да мақсат етілген-ді.
Спорттың тоғыз түрінен өткен осы дүбірлі бәсекеде қарасайлықтар қазақ күресінен, асық атудан, грек-рим күресінен, таэквандодан бірінші, еркін күрестен екінші орын алды, басқаларынан да жақсы нәтиже көрсетіп, ойындардың жеңімпазы атанды!
Жерлес жас спортшыларымыздың осы шыққан биігі, жемісті жеңісі құтты болсын!
Өз тілшіміз.