"Алтын ауылдағы" үйлердің қабырғасы жарылып кеткен / 35?

Алтын ауыл - Қаскелеңде заманауи үлгіде бой көтерген алғашқы ықшам аудан.  Мұнда бүгінгі таңда 20-дан астам тұрғын үй бар.   Ал алғашқы үйлер   10 жылдан астам уақыт  бұрын ипотекалық бағдарлама арқылы қолданысқа берілген еді. Алайда, тұрғындар үйлердің сапасы сын көтермейді деп дабыл қағуда.

Бұл алтын Ауыл ықшам ауданындағы нөмірі екінші үй. Кіре берісінен ақау шығып, қабырғалары жарылып кеткен. Тұрғындар осының салдарынан үй құлап немесе басқа да апатты жағдай орын алуы мүмкін деп үрейленуде.

Алайда, бұл ықшам ауданға ресми қызмет көрсететін мекеменің өкілі Сағат Сейітовтың айтуынша, бұл жағдайдың орын алуына тұрғындар өздері кінәлі көрінеді. Олар кіре берістегі екі есіктің орнын ауыстырып, соның  салдарынан қабырғалар жарылған. Алайда ол бұл тұрғындардың да, үйдің де қауіпсіздігіне еш септігін тигізбейді деп сендірді.  

Апатты жағдайда тұрған бұл үйді әкімдік қызметкерлері де келіп көріп кеткен екен. Жуық арада жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

 

Сондай-ақ жуырда 23 үйдің тұрғыны көлігіне шатырдан  мұз құлап,  артқы терезесін сындырды деп шағымданған болатын. Бұған кім кінәлі, көлікті жөндеу шығынын кім өтейді? Бұл мәселеге қатысты да тиісті мекеменің жауабы дайын.

Сағат Сейітовтың айтуынша КСК бұл мәселеген жауап бермейді. Шатырлардың мұзын арнайы сақтандыру шаралары бар мамандар жүргізуі тиіс екен.  

Осы ретте тұрғындардың өзі де ұқыптылық танытып, үйлері мен көліктері үшін ең алдымен өздері жауапты екендіктерін естен шығармағаны абзал.