Министрлік Ақтаудағы жаназаға қатысты тексеріс бастады(ВИДЕО)
Министрлік баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Маңғыстау облыстық полиция департаменті тиісті шараларды дер кезінде қолға алмады. Соның салдарынан қатаң карантин кезінде тәртіп бұзушылыққа жол берілді. Осыған байланысты министр қызметтік тексеріс өткізуді тапсырды.
"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтау қаласындағы жерлеу рәсіміне адамдардың көптеп жиналуына қатысты қызметтік тергеу шараларын өткізуді тапсырды", - деді ведомствода.
Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша 3-17 тамыз аралығында қатаң шектеу шаралары енгізілген болатын. Көпшілік шараларын өткізуге де тыйым салынды. Соған қарамастан, Ақтау қаласындағы жаназаға жүздеген адам жиналды. Ал кейбір тұрғындар бас полицей мен санитарды отсатвкаға жіберуді талап етті.
Бұған дейін желіде Ақтаудағы жаназаның видеосы тараған болатын. Ресми ақпаратқа сәйкес, полиция генерал-майоры, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова 79 жасында өмірден озды. Жүздеген адам оны жерлеу рәсіміне жиналды.
Айта кеткен жөн, Бахаридин Әбләзімов Forbes-тің нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің тізіміне кіреді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.