Қазақстандық үш балуан жол апатынан қаза тапты

2020-08-04 13:00:44
Еркiн күрес шеберлері Жақсыбек Карабалаев, Iлияс Жұмай, Жанбота Байбазар Алматы – Тараз тасжолында болған жол апатынан қаза тапты. Қайғылы хабар Қазақстан Республикасы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған... Еркiн күрес балуандары Жақсыбек Карабалаев, Iлияс Жұмай, Жанбота Байбазар жол апатынан қайтыс болды», - деп хабарлады.

Федерацияның хабарлауынша, кеше еркін күрестен 5 балуан жол апатына ұшырап, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға орнында көз жұмған. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бүгін қайтыс болды. Қазір дәрігерлер екі балуан – Заутбек Нұрдәулет пен Мұхаметкалиев Шыңғысханның өмiрi үшін күресiп жатыр.

Қаза тапқан спортшылардың бірі – Ілияс Жұмай еркін күрестен халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Әр жылдары 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, жастар арасындағы Азия біріншілігінің және басқа да халықаралық турнирлердің жүлдегері болған.


View this post on Instagram

Бұл қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды... Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған... Еркiн күрес балуандары Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар жол апатынан қайтыс болды. Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес бала) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ильяс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті. Ал Заутбек Нұрдәулет пен Мұхаметкалиев Шыңғысхан өмiрi үшін күресiп жатыр. Алла тағала оларға шипа, күш-қуат берсін. Дұғада болайық. Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз. Жандарыңыз жаннатта болсын!!!

A post shared by Kazakhstan_wrestling (@kazakhstan__wrestling) on

 

Последние новости