Қызылорда тұрғыны коронавирус пен пневмонияның "емін" тапты

2020-08-04 13:00:44
Қызылорда тұрғыны коронавирус пен пневмония жұқтырғандарды "емдеудің" ерекше әдісін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде тұрғынның "емдеу" әдісінің видеосы жарияланды. Оны Facebook-тегі парақшасына Жазира Бегалы жүктеді. Оның айтуынша, желіде "емшінің" жарнамасы жарияланыпты.

"Қызылорлық емші барлығын пневмониядан жазуға уәде беріп отыр. Адамдар оның аяғына жығылып жатыр. Алғашында барлығы зінбір, лимон, қойдың майы үшін төбелессе, қазір олар емшілерге барып жатыр", - деп жазды Жазира Бегалы.

 

Последние новости