Бурабайда ірі заңсыз қоқыс алаңы анықталды

2020-07-24 17:00:37
Қазақстандық блогер Яков Федоров Бурайбайдағы ірі заңсыз қоқыс алаңын суретке түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін мен Бурабайда осындай жағдайға куә болдым. Бұл жерді "қазақстандық Швейцария" деп айтуға тілің бармайды. Жақын маңда ауыл да, рұқсат етілген қоқыс полигоны да жоқ. Сондықтан ұлттық парктің аумағында осындай заңсыз қоқыс орындары пайда болып жатыр", - деп жазды блогер Facebook-тағы парақшасында.

Яков Федоров сурет экологиялық рейд кезінде түсірілгенін атап өтті.

"Осы аптадан бері экология министрлігінің бастамасымен рейд жүріп жатыр. Мен оған қатысуға шешім қабылдадым. Біз Бурабайдағы жабық жағажайда болдық. Барлық жерде темекінің тұқылы жатты. Адамдар көп қоқыс қалдырғаны соншалық, инспекторлар оны тазалап үлгермей жатыр. Біз осы округтегі заңсыз ірі қоқыс алаңының бірінде болдық. Бұл ұлттық парктің территориясы емес, бірақ ол қорғалатын аумаққа жатады. Бұл жерде рұқсат етілген қоқыс полигоны да жоқ", - дейді блогер.

Сондай-ақ, ол экологиялық рейд кезінде түсірілген суреттерін бөлісті.