Сәтбаевтағы зорлау оқиғасы: Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады

2020-07-24 15:00:46
Сәтбаев қаласында бес жасар қызды ұрлау ісі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына арналған видео үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.[/b]

Облыс әкімі күдіктінің ұсталғанын, қазір барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатқанын айтты. Қыз ата-анасымен үйде. Өңір басшысы баланың денсаулығын үздік мамандар қадағалайтынына сендірді.

"Өкінішке орай, Сәтбаевта оқиға орын алған түні кінәсіз адамдарға зиян келтірілген. Тәртіп бұзушыларды тоқтату үшін жеке құрам оқиға орнына жұмылдырылды. Мен заматтарымыздың жүрегінде наразылық толы екенін түсінемін және келісемін. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан да эмоцияларымызды ұстап, болған жағдайды құқықтық алаңда қарауымыз керек", - деді Жеңіс Қасымбек.