Былтыр Қазақстан 800 тоннаға жуық доңыз етін экспорттаған
1991 жылы Қазақстанда 2,9 миллион бас шошқа болған, ал 2018 жылы 800 мың болған. Ведомствоның хабарлауынша, шошқа санының азаюы толық көлемде мемлекеттік қолдаудың болмауымен байланысты.
«2019 жылға қарай Қазақстандағы шошқа санының азаю тенденциясы тоқтап, керісінше өсім байқалды. Бұл шошқа еті экспортының ұлғаюына бірден әсер етті. Егер 2017 жылы Қазақстан сырт елдерге 300 тоннаға жуық ет экспорттаса, былтыр бұл көрсеткіш 800 тоннаға жуық болды. Бір қызығы, дәл осы кезеңде шошқа етінің ішкі тұтыну үлесі 8%-ға төмендеді», - делінген ведомство хабарламасында.
2019 жылы Қазақстанға асыл тұқымды 6 шошқа әкелінген. Өткен жылы шет елдерден шошқа сатып алу субсидиясын елімізде бір ғана шаруашылық иеленген.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда шошқа өндірісін субсидиялау 2018 жылдан бастап тоқтап қалғанын, мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемінің 2 есеге азаюына әкелгенін айтады.
«Қазіргі уақытта бұл салада екі ғана субсидия бар: асылдандыру мен өсіруге кеткен шығындарды өтеу (норматив бойынша аналық басына 40 мың теңге мөлшерінде) және импортталған асыл тұқымды аналық шошқа басын сатып алуды субсидиялауға 140 мың теңге. Алайда, өткен жылы бұл субсидияны тек бір шаруа қожалығы ғана пайдаланып, жыл бойында небәрі 6 бас шошқа алып келген», - деп жауап берген.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.