Бүгін Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы талқыланды. Министр Елжан Біртанов қоғамда резонанс тудырған вакцина мәселесін қайта түсіндірді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Ата-аналар баласын вакцинациялаудан бас тарта отырып, баланың денсаулық құқықтарын шектейтінін атап өткен жөн. Жалпы, екпе егілмеген адам санының өсуі – ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне және халықтың арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардың таралуына алып келеді. 2019 жылы қызылша ауруымен ауырғандардың арасында 21 өлім, оның ішінде 19 бала өлімі тіркелген. Елімізде қызылшаның өршуі кезінде 13 800-ден астам жағдай, балалар арасында – 9 887 жағдай тіркелді. Сырқаттанғандардың 83,4 пайызы екпе егілмеген балалар арасында тіркелді. 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 8 244 бала ауырды», - деді ол Заң жобасын таныстыру барысында.
Сонымен қатар, министр аталған норманы жұртшылықпен талқылау нәтижесінде профилактикалық екпелер міндетті және ерікті болып бөлінгенін түсіндірді.
«Міндетті профилактикалық егулерге жоспарлы профилактикалық егулер және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық егулер жатады. Жоспарлы вакцина алмаған балаларды мектепке дейінгі оқу мекемелеріне жіберу – ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне жеткен жағдайда ғана мүмкін болады», - деді Елжан Біртанов.
Вакцинадан бас тартқан ата-ана бала құқығын шектейді – Біртанов
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
11.06.2020
В Актобе скончалась женщина, болевшая коронавирусом
11.06.2020
Қазақстанда "медициналық оқыс оқиға" ұғымы енгізіледі
11.06.2020
Замначальника полиции приговорили на 3,5 года за получение взятки во время ЧП в СКО
11.06.2020