Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Парламент Сенатының отырысында Қазақстан аумағынан адам ағазалары мен тіндері қандай жағдайда шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы кодекс жобасын талқылау барысында Парламент Мәжілісінің жұмыс шеңберінде жұртшылықтың пікірін ескере отырып, сезімтал нормалар пысықталып, олар бойынша консенсус табылғанын айтты. Кодекс жобасында Қазақстан аумағынан адамның ағазалары мен тіндері тек қана ҚР азаматтарына медициналық көмек көрсету үшін ғана шығарылады, - деді Біртанов.

Қайтыс болған адамның органдарын алуға келісім презумпциясына қатысты норма Қазақстан Республикасында 2009 жылдан бері қолданыста.
Ерікті түрде келісім беруді тіркеу немесе келісімді кері қайтарып алу медициналық ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. Кодекс жобасында адамның тірі кезінде ағзаларын алу бойынша ерік білдірмеген жағдайда келісімді бермеуге жұбайының, ал ол болмаған жағдайда жақын туыстарының бірінің құқығы бар екені көзделген, - дейді министр.