Қазақстанда "медициналық оқыс оқиға" ұғымы енгізіледі
Сенаттың жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, заңнамаға "медициналық оқыс оқиға" ұғымы және оны айқындау механизмі енгізіледі.
"Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салу және араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу ұсынылады", – деді ол.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау көзделген. Жергілікті бюджет есебінен біліктілік деңгейіне сәйкес қаржылай ынталандыру мен әлеуметтік қолдауға басым құқықтар бекітіледі.
Медицина персоналының біліктілігін арттыру мақсатында кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуы, оның ішінде жұмыс берушінің есебінен біліктілігін арттыру қарастырылып отыр.
Денсаулық сақтау қызметкерлерін клиникалық, фармацевтикалық практикаға және санитариялық-эпидемиологиялық қызметке жіберу үшін сертификаттау көзделген.
Сенат заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.