Полицейдің құлағын тістеп алған павлодарлық 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, бұл оқиға көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған.

Жарияланған бейнежазбада павлодарлық тұрғынның отбасымен тұрғаны, әрі отағасының әлденені ішіп тұрғаны анық көрінеді. Оларға тәртіп сақшысы жақындап, куәлігін көрсетіп жатқаны сол еді полицейдің қолындағы құжатты қағып жібергені де байқалады. Артынша олар жаға жыртысқан. Полицей жарақат алған. Оқиға куәгері тәртіп бұзышының - әйелі. Оның айтуынша, күйеуі ішімдік ішкенімен, мас болмаған.