Қазақстаннның Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов карантиндік режим кезінде Қазақстан қалаларында ауа сапасы қалай өзгергені туралы айтты. Қазгидромет екі айдан бері атмосфераға күнделікті бақылау жүргізген, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Алматы қаласында жасалған анализ ауада төменгі жақта қалқыған PM2.5, PM10 лас заттарының концентрациясы артқанын көрсетті. Бұл қаладағы үш жылу электр орталықтарының жұмысына байланысты. Дегенмен, қаланың жоғарғы бөлігінде азот диоксиді мен азот оксиді газдарының мөлшері азайған. Ал, фенолдың мөлшері өткен жылмен салыстырғандар 60 есеге төмендеген. Себебі, автокөлік қозғалысы азайған», - деді А.Пірімқұлов бүгінгі брифингте.
Оның сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласында да көліктен шығатын лас заттардың көлемі азайған. Дегенмен, өндіріс орындары мен жылу электр орталықтарының жұмысы тоқтамағандықтан, атмосфераға қалдықтар әлі де шығып жатыр.

Просмотров материала: 0