ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Дәстүрлі күндізгі мектептер үшін" петициясына қатысты өзінің Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандағы келешекте болатын оқу форматына қатысты алаңдаушылық бідірген барлық ата-аналарға айтарым, қашықтан оқыту - бұл СOVID-19 әлемдік пандемиясына байланысты мәжбүрлі түрде жасалған шара. Біздің алдымызда оқыту үдерісін үзбей, оқушылар мен білім беру жүйесі қызметкерлерінің денсаулығын сақтау міндеті тұрды. ЮНЕСКО-ның мәліметтеріне сәйкес, әлем бойынша 1,5 миллиардтан астам оқушы қашықтан оқыту технологиясы арқылы оқуын жалғастырған. Біз оқу үзіліп қалмас үшін қолымызда бар мүмкіндікті пайдаландық. Менің ойымша, кейбір кедергілерге қарамастан, жалпы процесс ұйымдастырылды, - деді ол.
Министр балалар, ата-аналар, мұғалімдер мен министрлік үшін бүгінгі таңда ең тиімді және ыңғайлы формат мектептердегі дәстүрлі күндізгі оқу екенін жақсы түсінетінін айтады.
Дәстүрлі күндізгі оқу форматын ешкім тоқтатқалы жатқан жоқ. Қашықтан оқыту форматына өту амалсыздан жасалған шара болды. Әрине, болашақта осындай жағдайларға дайын болу керек, сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті жұмыстарды жүргізудеміз.Қашықтан оқыту технологияларын дамыту қажет және мектептерді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу керек. Мектепте күндізгі оқыту форматындағы оқу ең ыңғайлы шешім екенін жақсы түсінеміз және келесі оқу жылы мектеп қабырғасында өтетініне үміттенеміз, - деді ол.

Просмотров материала: 0