Гамбург университеті UKE клиникасының мамандары бүйрек, жүрек, бауыр және бас миынан SARS-CoV-2 бөлшектерін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Коронавирус SARS-CoV-2 адам ағзасына түскеннен кейін тек өкпеге ғана емес, басқа да органдарға шабуыл жасайды. Мұндай мәліметтер 14 мамыр күні, яғни кеше жарияланған Эппендорфтағы Гамбург университеті клиникасының (UKE) зерттеуінде қамтылған.
Микробиологтар мен сотмедсараптама COVID-19 ауруынан қайтыс болған 27 адамның денесін тексеру нәтижесінде анықтады.
Вирустық бөлшектердің ең көп концентрациясы тыныс алу жүйесінде анықталған. Сонымен қатар, SARS-CoV-2 іздері бүйрек, жүрек, бауыр, бас миы және қанда тіркелді.
Осылайша, мамандар коронавирусы бар пациенттерді емдеуде басқа органдардың зақымдануы мүмкін екендігін назарға алған жөн, - деп атап өтті зерттеу жетекшісі, профессор Тобиас Хубер.
Ғалымдардың пікірінше, вирустың бірнеше ағзада болуы жұқтыру кезінде пайда болатын симптомдардың кең спектрін түсіндіре алады. Атап айтқанда, нәтижелер COVID-19 бар емделушілерде бүйрек жетіспеушілігінің өте жоғары жиілігін түсіндіреді деп санайды зерттеушілер.
Алынған мәліметтер аясында сарапшылар аурудың белгілері басталғанда несеп талдауын жүргізуді ұсынады.
UKE басқа неміс клиникаларымен ынтымақтаса отырып, осы биологиялық сұйықтықтың өзгеруі аурудың ауыр өтуі туралы ескертудің ерте сигналы болып саналуы мүмкін бе екенін анықтау мақсатында одан әрі зерттеулер жүргізуге ниетті.

Просмотров материала: 0