Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалаға ұшақпен келгендердің қайда аялдайтыны жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онлайн отырыс барысында, Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов бас санитарлық дәрігерден Алматыға жұмыс сапарымен келген адамдар қайда тоқтайтынын сұрады. Өйткені, мегополистегі қонақ үйлер мен дәмханалар әлі ашылған жоқ.
«Біз Алматыға келушілердің санын шектейміз. Әуе рейстері кімдерге ашық? Қала тұрғындары мен емделуге мұқтаж адамдар үшін. Байқағаныңыздай, рейстер саны шектеулі. Тек шұғыл қажет болған кезде ғана рұқсат беріледі. Өңірлер арасындағы туризм 1 маусымға дейін ашылмайды», - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, ол қызметтік іссапарларға тоқталған. «Іссапармен келгендерге де талап бір. Кім шақырады, сол қамтамасыз етуі керек. Бізде карантин режимі әлі бар», - деп қосты ол. Айта кету керек, 1 мамырдан бастап Қазақстанда көптеген бағыттарға әуе рейстері ашылды.

Просмотров материала: 0