Мешіттердің есігі жеке дұға жасау үшін, Құран оқу және діни неке рәсімін өткізу үшін ашылады.
"Жыл сайын Қадір түнінде мешітте адам көп жиналады. Ал биыл Қадір түнін үйде өткізуді ұсынамыз", - деді ҚМДБ.
Қадір түні мамырдың 19-нан 20-сына қараған түні кіреді.
Жамағат намазы: бесуақыт намаз, жұма намазы, тарауих намазы әзірге мешітте оқылмайды, деп нақтылады діни басқарма.
Мешіттегі неке қию рәсіміне шариғатқа сәйкес, жас жұбайлармен бірге куәгерлері ғана қатыса алады.
Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке кіреберісте орнатылған антисептиктерді пайдаланып, бетперде мен медициналық қолғап кию қажет екенін айтты.