Ғарышты зерттеу бойынша америкалық NASA ұлттық агенттігі Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданы мен Өзбекстан аумағының спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. Онда Сардоба су қоймасы жарылғанға дейінгі және кейінгі жағдай көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттікке сілтеме жасап.
Фотосуреттер 22 сәуір мен 8 мамырда Landsat 8 спутнигінің көмегімен түсірілген.
22 сәуірдегі сурет
8 мамырда түсірілген суреттерден судың қай жерге дейін барғанын және су қоймасының қазіргі жағдайын көруге болады.
Келесі суретте жартылай бос су қоймасы көрсетілген. Қоймадан аққан су спутник суретке түсіріп жатқан кездерде тоқтаған. Бірақ судың қай бағытқа аққанын көруге болады.
Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.
Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысының басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарға байланысты баяндама жасап, Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектесетінін айтқан болатын.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаман өңірдегі су басқан ауылдарға көмек ретінде ашылған қорға қанша ақша түскені әлі белгісіз екенін айтқан еді.

Просмотров материала: 0