Теңіз кенішінде Covid-19 індетінің 160 жағдайы тіркелді

Поделиться:
Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 226 адамға жетті, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың хабарламасына сілтеме жасап.

Теңіз кен орнында Covid-19 індетінің тағы 15 жаңа жағдайы тіркелді.

Науқастар арасында он ер адам және бес әйел бар. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен жұмысшылар қатарында. Алгоритмге сай, жұмыс орнынан шығар алдында қызметкерлерден анализ алынған. ПТР диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша Covid-19 диагнозы расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошағына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2020 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 226 адамнан COVID-19 індеті анықталды. Оның ішінде 160 адам - Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны - 78.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также