Бұл республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары, "Қазақстан балалар үйі түлектерінің қауымдастығы" ЗТБ президенті Рафаэль Гасановтың пікірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Fаcebook парақшасында өткен тікелей эфир барысында еліміздегі білім саласына қатысты ойымен бөлісті.
Қазіргі білім саласы жағдайына тұтас фильм арнауға болады. ҚР Білім және ғылым министрлігі ауқымды шаралар өткізді, өткізіп те жатыр. Бірақ, елді мекендерде жағдай мәз емес. Мен әрине, бұл салаға тұтас жауап бере алмаймын, қазір тек оқушылар мен студенттердің жағдайын айтып отырмын. Біз пандемия жағдайындағы білім мәселесін тыңғылықты зерттеу барысында онлайн оқыту жүйесіне көшу мәселесі көтеріле бастағанда, кейбір елді мекендерде телефон байланысы жоқ екенін айтып, ең алғашқы сауалды министрге қойдық. Сыни пікірлер ағылып жатты. Кейін бірқатар өңірлерде оқушыларға ноутбук таратылып, интернет қосылып, жағдай жасалды. Дегенмен, менің ойымша, пандемия жағдайындағы білім еш пайда әкелмейді, себебі, сапасыз, - деді ол.
Сарапшы студенттер емтиханды онлайн тапсырмауы керек деген пікірде.
Қазір емтихан тапсыру мерзімі. Колледж студенттерінің емтиханды қалай тапсыратыны жөніндегі министрдің бұйрығы шықты. Осы арада біз вице-министрмен кездесу барысында сантехник емтиханды қалай тапсырады, деген сұрақты көтердік. Осыдан кейін егер елімізде карантин режимі алынатын болса, білім басқармасының, оқу орны директорының шешімімен емтихандар біртіндеп студенттерді аз көлемде жинап, оқу орындарында тапсырылатын болады деген шешімге келдік. Оқыту онлайн болса, емтиханды да онлайн тапсыру дұрыс емес, - дейді Рафаэль Гасанов.

Просмотров материала: 0