Нұр-Сұлтандағы үйдің қабырғасында Бауыржан Момышұлының суреті пайда болды

Поделиться:
Жоба миллоннан астам отандасымыз қатысқан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақтың бір туар ұлы, кеңес одағының батыры, екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег, тактик әрі жазушы Бауыржан Момышұлына арналған мурал Нұр-Сұлтан қаласы, Тәшенов көшесі, 10 мекен-жайында пайда болады.

Қабырға суретінде Бауыржан Момышұлының жаскезі берілген. Батырдың суретін майданнан туған-туысқандары мен жақындарын күткен мыңдаған аналар мен сарбаздардың жарларын бейнелейтін әйел қолдары ұстап тұр.

Мұндай көркемдік шешім Ұлы Отан соғысы ешбір отбасын айналып өтпегенін айқын жеткізген.

Композиция майдангерлердің бейбітшілік үшін соғысқанын, өз үйі мен Отанын қорғағанын, болашақтың ашық аспаны үшін күрескенін көркем бейнелеген. Муралдың авторлары – Қазақстан бойынша 15-тен астам ауқымды жұмыстары бар, Tigrohaudcrew командасының граффити-суретшілері Ержан Танаев пен Али Закир. Жоба жетекшісі – Кристина Бекмурзаева. Бұған дейін шығармашыл топ елордада коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлерге арнап мурал салған болатын. Суретшілер қабырға суретін салуға бір айдан астам дайындалып, бір апта уақыт жұмсаған.


Просмотров материала: 80

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также