Алматыда түрмеге палаудың ішіне есірткі салып кірмек болған ер адам ұсталды

2020-04-24 15:00:45
Алматыда түрмеге палаудың ішіне есірткі салып кірмек болған ер адам ұсталды
Алматыда түрмеге есірткі тасыған тағы бір “жеткізуші” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 жастағы ер адам палаудың ішіне есірткіні жасырып қойған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 67 грамм болатын гашиш есірткісі.

"Ер адам СИ-18 ғимаратына сәлемдеме жіберген кезде ұсталды. Осылайша, ұсталған адамдарға есірткі тапсыру әрекеті тоқтатылды. Жеткізуші Алматы қаласында тұратын Н.есімді ер адам. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 296-бабы 2 бөлімі ("Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларын сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды”, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.
Просмотров материала: 26