42 500 теңге бір айға жете ме?(ВИДЕО)

2020-04-24 15:00:44
42 500 теңге бір айға жете ме?(ВИДЕО)
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 4 миллионнан астам адам 42 500 теңгенің әлеуметтік төлемін алды. Олардың ішінде астаналықтар да аз емес. Ал 42 500 теңге бір айға жете ме? Нұр-Сұлтанның тұрғындары ол ақшаны қайда жұмсайды? Сұрақтардың жауабын астаналықтардан сұрап көрді, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Әрине, карантин кезінде адамға тек азық-түлік қана қажет. Осы орайда кейбір астаналықтар 42 500 бір айлық тамаққа жетеді деп отыр. Ал коммуналдық төлемдерді есептесе, жетпей қалуы әбден мүмкін. Дегенмен, көпбалалы отбасыларға ол ақша аздық етеді. Оған қоса, кейбір тауарлардың бағасы күрт көтеріліп кетті.

"Жанұядағы адам санына байланысты. Егер көпбалалы отбасы болса, әрине, жетпейді. Бірақ үш баланың өзіне аз болады. Олардың ішіп-жейтіні бар, басқа да қажеттіліктері көп қой", - дейді Нұр-Сұлтан тұрғындарының бірі.

Алайда қала тұрғындарының арасында "мемлекетке қарамай, өз күшіңе сену керек" дейтіндер де бар. Сондықтан осының өзі – үлкен көмек. Әрбір адам өз қажеттіліктеріне қарауы керек.

"Әркімге әрқалай ғой. Біреуге 200 мың да жетпейді, біреуге 40 мың да жетеді. Бұл енді отбасыға көмек қой", - дейді тағы бірі.
42 500 теңге алса да, жұмсамай жүрген жастар бар екен.