Кәмелетке толмаған қыз желіде тәртіп сақшыларын қаралап, жазба жариялаған

2020-04-20 15:00:45
Кәмелетке толмаған қыз желіде тәртіп сақшыларын қаралап, жазба жариялаған
17 жастағы бойжеткен желі қолданушыларын өз парақшасына көптеп тарту үшін онда жалған ақпарат жариялаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бойжеткен өзінің Инстаграм парақшасында танысының қайтыс болған зейнеткер туыстарына полиция ақша ұсынды деп жазған.

Өз өлімімен көз жұмған адамның туыстарына " коронавирус инфекциясынан қайтыс болды" деп айтулары үшін 100 мың теңге ұсынған көрінеді. Тәртіп сақшылары білгендей, бұл ойдан шығарылған оқиға болып шықты. Петропавл қаласының тұрғыны мұны өз парақшасына адам көп кіруі үшін жасаған. Түсіндірме жұмыстарынан соң қыз желідегі жалған жазбасын дереу жойды.

Кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыс жүргізетін ювеналды полиция қызметкерлері де бұл іске тартылды.

Қызбен профилактикалық әңгіме жүргізілді, ал ана-анасына қатысты Әкімшілік қылмыстық процеусальдық іс жүргізудің 127-бабы бойынша материалдар жиналды, - деді Петропавл қалалық ДП Ювеналды полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.

Полициядағылар көпе-көрнеу ақапарат таратқан үшін 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын немесе 30 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылатынын еске салады.
Просмотров материала: 0