COVID-19: Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қызметінен кетуі жалғасып жатыр

Поделиться:
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әнуар Сағымбаев қызметінен кетті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Бүгіннен бастап Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің бастығы Әнуар Сағымбаев өз еркімен қызметінен кетті. Оның орнына бұл қызметті уақытша атқару оның орынбасары Ләззат Есенғалиеваға жүктелді, - делінген хабарламада.
Ол бұл лауазымды қызметті 2019 жылдың тамызынан бастап атқарып келді.

Бүгінгі таңда облыста коронавирус инфекциясын 12 адам жұқтырған.

Айта кетейік, 18 сәуірде Атырау облысының бас дәрігері Байтолла Ғазизов та орнын босатқан еді. Сонымен қатар, Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Айзат Молдағасимова да қызметінен кетті.

Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также