Комменттер мен мессенджерлерде менің үйім жаққа келіп, қолдау білдірейік дегендер көп. Олай етпеңіздер, карантин тәртібін бұзды деген баппен өздеріңіз істі болып қаласыз. Менде әзірге бәрі қалыпты. Үйде отырмын. Сақалды алып тастадым. Киімімді киіп, тамақ жеп алдым. Барлық аккаунтарымнан шығып, парольдерімді ауыстырып қойдым. Дайын отырмын, деп жазыпты ол.
Бұған дейін Марғұлан Сейсембай "Маған келген сияқты" деп жазған болатын.
Кеше түнде Алель Агро басшылығын ұстап әкетті. Бүгін күні бойы банктерден құжаттар тәркіледі. Үйімнің жанында 30-40 адам жүр. Комитетчиктер сияқты, деген еді ол.