Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумағында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз шаңды дауыл көтеріледі.
Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының бірқатар аумағында тұман болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында тұман түседі.