Жастар «Biz birgemiz» акциясына белсенді қатысып жатыр

2020-04-09 15:00:43
Жастар «Biz birgemiz» акциясына белсенді қатысып жатыр
Ақтөбе облысы Шұбарши кентінің жастары «Biz birgemiz» акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды Матрица.kz.

Акция аясында жастар көпбалалы отбасыларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Төтенше жағдай режиміне орай енгізілген қосымша шектеулер кезінде тұрғындар үйде отыруы үшін 15 отбасыны қамтамасыз еткен.

"Осындай игі шаралардан алдағы уақытта да қалыс қалмаймыз", - дейді Шұбаршилік жастар.

View this post on Instagram

#БізБіргеміз ⠀ Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға Үндеуі мен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында Сарысу ауданыңда #BizBirgemiz акциясы бастау алды. Акция аясында партия аудандық филиалы "Аудандық мәдениет үйі" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасыларына, жалғыз басты қарияларына, ерекше қажеттіліктері бар азаматтары мен көпбалалы отбасыларына көмек қолын созып, медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар таратты. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

A post shared by Сарысу ауданы (@sarysu.akimat) on

 

Последние новости