Алматыда полицейлер қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр

Поделиться:
Тәртіп сақшылары алматылықтардың карантин режимі кезінде қала ішінде жүруіне рұқсаты бар-жоғын планшет арқылы тексеріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап қала ішінде жүруге арналған құжаттар мен анықтамалардың күші жойылды. Қалада карантин кезінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды.

Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді.

"Әр азаматтың деректері электронды түрде тексеріледі. Ақпарат болмаған жағдайда, шұғыл қажеттіліксіз көшеге шығуға шектеу енгізілгенін ескертеміз", – деді Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Ол Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес талаптар түсіндірілетінін атап өтті. Бұл шаралар карантиндік режим аяқталғанға дейін өткізіледі.

Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также