Жәкішев: «Күніне екі сағаттан артық өнімді жұмыс істей алмаймын»

Поделиться:
Жақында бостандыққа шыққан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бүгін facebook желісінде тікелей эфирге шығып, денсаулығы, алдағы жоспары туралы бөлісті, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Денсаулығымда кінәрат бар. Өкінішке қарай, мен қазір күніне екі сағаттан артық өнімді жұмыс істей алмаймын. Себебі, құлшынып жұмыс істей бастасам, бірден қысымым көтеріледі», - дейді ол.

Жәкішев алдағы жоспарымен де бөлісті. Айтуынша, алдағы уақытта өзінің оң жамбасына келетін кәсіппен айналысуы мүмкін.

«Менің денсаулығыма қатысты әзірге болжам ғана айтылды. Егер дәрігерлер мүмкіндігім жоғары екенін растаса, менің онымен күресетін күшім бар. Егер төтеп бере алсам, болашақта өзіме ұнайтын тірлік жасауға тырысамын - бұл жұмыс орындарын құру, кәсіпорындар ашу және т.б.», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 19 наурызда Семей қаласындағы ОВ-156/144 қатаң режимдегі колонияда жазасын өткеп жатқан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев босап шықты. Бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішевтің алғашқы сөзі қысқа әрі нұсқа болды.

«Қиын уақытта маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахметімді айтамын. Шын жүректен! Бұл мен үшін, менің отбасым үшін өте маңызды», - деді ол.

Тікелей эфирдің толық нұсқасы төменде:


Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также