216 мың қазақстандыққа 42 500 теңге тағайындалды

2020-04-08 15:00:35
216 мың қазақстандыққа 42 500 теңге тағайындалды
216 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 8 сәуірдегі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 миллион 688 мың 131 қазақстандықтан барлығы 2 миллион 755 мың 866 өтініш келіп түскен.

42 500 теңгені электрон қолтаңбасыз қалай алуға болады? Көрсетеміз

"Осылайша 1 миллион 67 мың 735 қайталанатын өтінім тіркелді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз", - дейді министрліктегілер.
Просмотров материала: 0