"6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтықтан оқытуға көшеді. Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі оны жүзеге асырудың тетіктерін әзірлеп жатыр. Көп ұзамай ата-аналар барлық қажетті ақпараттарды алады", - деді министр.
Оның айтуынша, "Балапан" және "Ел Арна" телеарналарында мектеп оқушыларына арналған қосымша видео сабақтар беріле бастайды.
Бірақ, бұл - негізгі емес, қосымша шара. Бұл сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындайды, - деді Дәурен Абаев.