Оның айтуынша, коронавирус ағзаға жасуша мембранасы арқылы өтеді. Ол жасуша қызметі үшін маңызды молекулаларды өзінің ақуызымен алмастырып, ағзаны "алдайды" деуге болады. Бұл вирусты анықтауды қиындатады. Салдарынан вирус ағзаны зақымдайды.
COVID-19 әсіресе, тыныс алу жолдарына зақым тигізеді.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирусқа шалдығудың алғашқы екі жағдайы 13 наурызда тіркелді. Соңғы мәліметке сәйкес, елде 66 адамда вирус анықталды.