Сағат 10,40 мәліметке сәйкес Қазақстан бойынша коронавирусты жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Қазіргі уақытта сырқат адамдар саны 67-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, - делінген ақпаратта.
Айта кетсек, әлем бойынша 381287 адамнан вирус анықталған, оның 37723-і соңғы тәулікте тіркелген. Өлгендер саны 16563, ал бір күнде 1824 адам мерт болған. Жазылып шыққандар саны 100484.