Алматы аумағында санитарлық қызметтің мамандары бақылау-өткізу пункттерінің жұмысына қатысады. Олар барлық бақылау-өткізу пункттерінде жұмыс істейді. Олардың міндеті - науқасты немесе коронавирустық инфекцияға күдіктіні дер кезінде анықтау, оқшаулау. Өз жұмысына тепловизор қолданады. Олардың саны жеткілікті болады, - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова.
Ол ыстығы көтерілген жүргінші немесе жолаушыларды "тұрғылықты жері" бойынша тағайындалған орынға жіберілетінін айтты. Анықталған адамдар туралы ақпарат алдын-алу шараларын орындау және олармен байланыстағы адамдарға медициналық бақылауды ұйымдастыру үшін тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің аумақтық бөліміне жіберіледі.