«Билеттердің қайтарылуына кассаларға тым көп жүктеме түсіп кетті. Осыған байланысты біз өз кассаларымызға қосымша қолма-қол ақша бердік, жолаушылардың қаржысын қайтару төлемдер белгілі бір кассаларда қолма-қол ақша жетіспейтін жағдайларды қоспағанда, сол жерде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда билеттің күші жойылады, ал жолаушы өз ақшасын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, оның ішінде келесі күні ала алады. Біз жолаушыларымыздан осындай жағдайда билетті қайтару процесіне түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұраймыз. Біз билет құнын толық қайтаруға кепілдік береміз», - деп жазылған ұлттық тасымалдаушы компания таратқан хабарламада.
Еске салайық, ДДСҰ коронавирус пандемиясының жариялануына байланысты Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілді.