Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, көктайғақ сақталады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында, кей жерлерде, Түркістан облысында, таулы аймақтарда найзағай ойнап, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде көктайғақ, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында кей жерлерде желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, Қарағанды облысында көктайғақ болады.