Оның айтуынша, қалада ішкі істер органдарының қатысуымен коронавирустық инфекцияның алдын алуға және оған тосқауыл қоюға бағытталған шаралар жалғасуда.
Карантинге байланысты Алматының шекарасына кіру және шығу үшін шектеу қойылады. Ол үшін қаланың кіре берістеріне 10 магистралдық және 27 блок пост қойылады. Сол жерге полициямен бірге Қорғаныс министрлігінің жауынгерлері жұмылдырылады, - деді ол.
Сонымен қатар, ол Полиция департаментінде колл-орталық жұмыс істейтінін, азаматтар 257-40-07 нөміріне хабарласып барлық сұрақтарына жедел жауап ала алатынын жеткізді.
Құрметті азаматтар, сіздерден Ішкі істер органдар тарапынан жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз,-деді департамент басшысы.