«Бұл мекемелерге тек сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі. Басқаларға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіледі. Медициналық мекемелерде фото, видео түсіруге, аудио жазуға тыйым салынады», - деді министр.
Министр төтенше жағдай кезінде халықты сабырға шақырды.
«Бұл емделетін инфекция. Диагноз қоя алатын күшіміз бар», - деп айтты ол бұл жайлы.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында СOVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 14 адамның тіркелгенін хабарлаған еді.
Коронавирусқа байланысты кез келген сұрақ бойынша 1406 нөміріне хабарласуға болады.