Жыл басынан бері жұмыссыз қалған 15 мыңнан астам адам жәрдемақы алды

Поделиться:
1 наурыздағы жағдай бойынша 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем алатын болды, деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы.

«Қазақстанда жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу 2005 жылдан бастап енгізілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік төлем арқылы жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлем жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.

«Бұл ретте төлем жүйеге қатысу мерзіміне және соңғы 24 айдағы кірісіне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. 1 наурызға 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге төлем алды, орташа мөлшері 41 418 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істеген 15 жыл ішінде МӘСҚ-дан төлемнің осы түріне 19,7 млрд теңге бөлінді.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также