Алматыда 2 жасар сәби коронавирус жұқтырған

Поделиться:
Бүгін коронавирус анықталған үш адамның ішінде 2 жасар қыз бар. Бұл туралы ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

Бірінші жағдай – 2018 жылы туған қыз бала. Ол 13 наурыз күні Берлин - Минск – Алматы рейсімен келген. Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Екінші жағдай – 1966 жылы туға ер адам. Алматыға Мәскеуден 10 наурыз күні келген.

Үшінші жағдай – 1956 жылы туған ер адам. Ол да Мәскеуден ұшып келген.

Осымен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда тағы 3 адамнан коронавирус анықталғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қаулы қабылданды. Соған байланысты елімізде бір айлық төтенше жағдай жарияланды.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также